Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Қазақстан алғаш рет дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Қазақстан алғаш рет дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Фото:ҚДФ

Қазақстан алғаш рет дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиынына қабылдайды.

5-15 тамыз аралығында Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау базасында әлемнің 30 елінен 700-ден астам дзюдошы бас қосады.

Жиынға әлемдік рейтинг көшбасшылары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем чемпиондары мен жүлдегерлері қатысады.

Қатысушылар қатарында Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов (Қазақстан) пен Лаша Шавдатуашвили (Грузия), Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (Қазақстан) бар.

Сондай-ақ әлем чемпиондары Рюдзю Нагаяма, Санширо Мурао (Жапония), Инал Тасоев, Тимур Арбузов (Ресей), Тато Григалашвили (Грузия), Мими Хух (Оңтүстік Корея) және басқа да танымал дзюдошылар оқу-жаттығу жиынына қатысады.


Біздің серіктес: Sport12kz