1 күн бұрын
Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатына толық құрамын жариялады
Қазақстан дзюдо федерациясы Эквадордың Гуаякиль қаласында өтетін кадеттер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады.
Әлем чемпионаты 20–23 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының сапында 20 дзюдошы бақ сынайды.
Ұлдар құрамасы:
- 50 келіге дейін – Бекарыс Құдайберген, Әділжан Нұрбекен;
- 55 келіге дейін – Бақдәулет Ізбасар;
- 60 келіге дейін – Расулхан Ғабит, Ахмет Баубек;
- 66 келіге дейін – Ерік Үсенов;
- 73 келіге дейін – Бекәлі Еркен;
- 81 келіге дейін – Әлижан Сайлаубеков;
- 90 келіге дейін – Шыңғыс Қонысбек;
- +90 келі – Әділжан Жаудинов.
Қыздар құрамасы:
- 40 келіге дейін – Жанель Айтбай, Әдия Жанахмет;
- 44 келіге дейін – Рамина Әбішева;
- 48 келіге дейін – Иянат Жұбатқан, Зере Талғатқызы;
- 52 келіге дейін – Фатима Сүпіғалиева;
- 57 келіге дейін – Інжу Жұмажан, Еркеназ Сембек;
- 63 келіге дейін – Азима Серік;
- +70 келі – Тоғжан Төлебай.
Біздің серіктес: Sport12kz