1 күн бұрын
Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын дзюдошылар анықталды
Фото:IJF
Қазақстандық 20 дзюдошы Эквадорда өтетін кадеттер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Гуаякиль қаласында ұйымдастырылатын жарысқа қатысушылар тізімін жариялады. Әлем чемпионаты 20-23 тамыз аралығында өтеді.
Қазақстан атынан ұлдар арасында 11, қыздар арасында 9 спортшы татамиге шығады.
Ұлдар:
• 50 кг: Бекарыс Құдайберген, Әділжан Нұрбекен;
• 55 кг: Бақдәулет Ізбасар;
• 60 кг: Расулхан Ғабит, Ахмет Баубек;
• 66 кг: Ерік Үсенов;
• 73 кг: Бекәлі Еркен;
• 81 кг: Әлижан Сайлаубеков;
• 90 кг: Шыңғыс Қонысбек;
• +90 кг: Әділжан Жаудинов.
Қыздар:
• 40 кг: Жанель Айтбай, Әдия Жанахмет;
• 44 кг: Рамина Әбішева;
• 48 кг: Иянат Жұбатқан, Зере Талғатқызы;
• 52 кг: Фатима Супығалиева;
• 57 кг: Інжу Жұмажан, Еркеназ Сембек;
• 63 кг: Әзима Серік;
• +70 кг: Тоғжан Төлебай.
Әлем чемпионатының белдесулері 20 тамызда басталып, 23 тамызда аяқталады.
Біздің серіктес: Sport12kz