08.08.2026

Швейцариядағы «Гранд-Слэм» турнирінде бақ сынайтын дзюдошылар анықталды

Швейцариядағы «Гранд-Слэм» турнирінде бақ сынайтын дзюдошылар анықталды

Фото:IJF

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасының алдын ала тізімін жариялады.

28-30 тамыз күндері өтетін халықаралық додада Қазақстан атынан 15 спортшы өнер көрсетеді. Құрама сапында 11 ер және 4 әйел дзюдошы бар. Дегенмен жарыс басталғанға дейін тізімге өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Қазақстандық дзюдошылардың толық құрамы:

Ерлер:

• 60 келіге дейін: Талғат Орынбасар, Шерзод Давлатов;

• 66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов;

• 73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Бақытжан Абдурахманов;

• 81 келіге дейін: Әділет Алмат, Абылайхан Жұбаназар;

• 90 келіге дейін: Айдар Арапов;

• 100 келіге дейін: Марат Байқамуров;

• 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев.

Әйелдер:

• 57 келіге дейін: Дана Әбдірова;

• 70 келіге дейін: Ажар Асхат;

• 78 келіге дейін: Аружан Жангелдина;

• 78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова.

Айта кетейік, Лозаннадағы Grand Slam турнирі 28 тамызда басталып, 30 тамызда мәресіне жетеді.


Біздің серіктес: Sport12kz