Матч орталығы
Еуропа лигасы Футбол Қайрат Қайрат 0:3 Аяқталды Андерлехт Андерлехт Еуропа лигасы Футбол Мьельбю Мьельбю 0:1 Аяқталды Зальцбург Зальцбург Конференциялар лигасы Футбол Интер Интер 0:0 Аяқталды Копенгаген Копенгаген Еуропа лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 0:0 Аяқталды Лиллестрем Лиллестрем Еуропа лигасы Футбол Лех Лех 7:0 Аяқталды Тун Тун Еуропа лигасы Футбол Крайова Крайова 1:1 Аяқталды Арарат Арарат Еуропа лигасы Футбол Бешикташ Бешикташ 3:0 Аяқталды Кауно Кауно Еуропа лигасы Футбол Трабзонспор Трабзонспор 0:1 Аяқталды Ференцварош Ференцварош Конференциялар лигасы Футбол Нордшелланд Нордшелланд 1:0 Аяқталды Санкт Галлен Санкт Галлен Конференциялар лигасы Футбол Тромсе Тромсе 0:0 Аяқталды Брайтон Брайтон Конференциялар лигасы Футбол Мидтьюлланд Мидтьюлланд 2:0 Аяқталды Риека Риека Конференциялар лигасы Футбол Клаксвик Клаксвик 0:0 87 Рига Рига Конференциялар лигасы Футбол ПАОК ПАОК 0:1 72 Бранн Бранн Еуропа лигасы Футбол Црвена Звезда Црвена Звезда 2:0 53 Виктория Виктория Еуропа лигасы Футбол ОФИ ОФИ 2:0 56 ЦСКА София ЦСКА София Еуропа лигасы Футбол Сент Труйден Сент Труйден 0:0 53 Омония Омония Конференциялар лигасы Футбол Гурник Гурник 1:2 56 Монако Монако Конференциялар лигасы Футбол Твенте Твенте 0:1 56 Қарабақ Қарабақ Конференциялар лигасы Футбол Дрита Дрита 2:2 59 Интер Эскальдес Интер Эскальдес Конференциялар лигасы Футбол Викингур Викингур 0:2 Үзіліс Борац Борац

1 күн бұрын

Қазақстандық дзюдошылар Венгриядағы Grand Slam турнирінде бақ сынайды

Қазақстандық дзюдошылар Венгриядағы Grand Slam турнирінде бақ сынайды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Венгрияның Будапешт қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.

Қазақстан құрамасы жарыста 15 дзюдошымен сынға түседі. Ел намысын ерлер арасында жеті салмақта 12 спортшы, әйелдер арасында екі салмақта үш спортшы қорғайды.

Ерлер арасындағы 60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин мен Нұраділ Әлжан татамиге шығады. 66 келіде Ақжігіт Насыр мен Мейірбек Байзақов, 73 келіде Есет Қуанов пен Ерсұлтан Дүйсенхан белдеседі.

81 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан Досхан Жолжақсынов өнер көрсетеді. 90 келіде Ермахан Әнуарбеков пен Даниил Крылов бақ сынаса, 100 келіде Асқар Біржанов ел намысын қорғайды. Ал аса ауыр салмақта Ғалымжан Қырықбай мен Жантілек Нұртілепұлы жарыс жолына шығады.

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Диана Бүркеева өнер көрсетеді. +78 келіде Камила Берліқаш пен Ақерке Рамазанова бақ сынайды.

Будапешттегі Grand Slam турнирі 11-13 қыркүйек аралығында өтеді.


Біздің серіктес: Sport12kz