9 сағат бұрын
Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Қазақстандық дзюдошы Бекәлі Еркен Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды.
73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы айналымдарда мексикалық Эмилиано Сальсидо Арельянес пен моңғолиялық Далайцэрэн Батбуяннан басым түсті.
Ширек финалда ол грузиялық Гиорги Мчедлишвилиге есе жіберді. Алайда грузиялық дзюдошы финалға жеткен соң, Бекәлі Еркен жұбаныш белдесуінде жүлде үшін күресін жалғастырды.
Жұбаныш кездесуінде қазақстандық спортшы литвалық Натас Алексейунасты жеңіп, қола жүлде үшін белдесуге жолдама алды.
Үшінші орын үшін өткен бәсекеде Бекәлі Еркен Дмитрий Матузныйдан басым түсіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Біздің серіктес: Sport12kz