4 сағат бұрын
Қазақстандық дзюдошылар Лозаннадағы Grand Slam турниріне қатысады
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Жарыста Қазақстан құрамасынан ерлер арасында тоғыз, әйелдер арасында төрт дзюдошы татамиге шығады.
Ерлер:
• 60 келіге дейін – Талғат Орынбасар, Шерзод Давлатов;
• 66 келіге дейін – Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов;
• 73 келіге дейін – Аңсарбек Ғайнуллин, Бақытжан Абдурахманов;
• 81 келіге дейін – Әділет Алмат, Абылайхан Жұбаназар;
• 90 келіге дейін – Айдар Арапов;
• 100 келіге дейін – Марат Байқамуров;
• 100 келіден жоғары – Ерасыл Қажыбаев.
Әйелдер:
• 57 келіге дейін – Дана Әбдірова;
• 70 келіге дейін – Ажар Асхат;
• 78 келіге дейін – Аружан Жангелдина;
• 78 келіден жоғары – Аида Тойшыбекова.
Лозаннадағы Grand Slam турнирі халықаралық күнтізбедегі маңызды жарыстардың бірі саналады. Қазақстандық дзюдошылар жарыста әлемнің үздік спортшыларымен бірге татамиге шығып, рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынайды.
Біздің серіктес: Sport12kz