2 сағат бұрын
Қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарихи жүлде жеңіп алды
Эквадорда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында Фатима Сұпығалиева алтын медаль жеңіп алды.
52 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық дзюдошы финалда украиналық Ксения Кирильчуктан басым түсті. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталды. Ал Фатима қосымша уақытта қарсыласын иппон әдісімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Осылайша, Фатима Сұпығалиева Қазақстан тарихында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған алғашқы қазақ дзюдошы қызы атанды.
Бұл – Қазақстан құрамасының осы әлем чемпионатындағы екінші алтыны. Қазір ұлттық құраманың қоржынында 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль бар.
Біздің серіктес: Sport12kz