Матч орталығы
Конференциялар лигасы Футбол Рапид Вена Рапид Вена 2:2 Пенальтиден соң Хартс Хартс ЮС Опен мужчины Теннис Тимофей Скатов Тимофей Скатов 0:2 Аяқталды Григор Димитров Григор Димитров Уинстон-Сейлем мужчины Теннис Даниэль Альтмайер Даниэль Альтмайер 0:1 2-сет Игнасио Бусе Игнасио Бусе УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзал АПОЕЛ Сити Футзал АПОЕЛ Сити Футзал 6:8 Аяқталды КФ Тирана КФ Тирана Лига кубогы Футбол Ньюкасл Ньюкасл 3:2 89 Вест Бромвич Вест Бромвич Лига кубогы Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 4:0 83 Чарльтон Чарльтон Чемпиондар лигасы Футбол Целе Целе 1:1 74 Слован Слован Чемпиондар лигасы Футбол Викинг Викинг 3:1 72 Динамо Динамо Чемпиондар лигасы Футбол АЕК АЕК 4:0 72 Левски Левски Чемпиондар лигасы Футбол Лион Лион 2:2 74 Фенербахче Фенербахче Ла Лига Футбол Реал Мадрид Реал Мадрид 2:1 67 Реал Сосьедад Реал Сосьедад Конференциялар лигасы Футбол КуПС КуПС 20:00 Бүгін Шемрок Шемрок Конференциялар лигасы Футбол Яблонец Яблонец 21:00 Бүгін Рейнджерс Рейнджерс Конференциялар лигасы Футбол Қарабақ Қарабақ 21:00 Бүгін Твенте Твенте Конференциялар лигасы Футбол Маккаби Маккаби 21:00 Бүгін Лугано Лугано Еуропа лигасы Футбол Иберия Иберия 21:00 Бүгін Ягеллония Ягеллония Еуропа лигасы Футбол Тун Тун 21:00 Бүгін Лех Лех Еуропа лигасы Футбол Арарат Арарат 21:00 Бүгін Крайова Крайова Конференциялар лигасы Футбол Фрайбург Фрайбург 21:45 Бүгін Мотеруэлл Мотеруэлл Конференциялар лигасы Футбол Монако Монако 21:45 Бүгін Гурник Гурник

3 күн бұрын

Президент жас дзюдошыларды әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Президент жас дзюдошыларды әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық дзюдошылар әлем біріншілігінде ел тарихындағы маңызды жетістікке қол жеткізді. Құрама алғаш рет аралас командалық жарыста әлем чемпионы атанып, алтын медаль жеңіп алды. Финалда Қазақстан құрамасы Бразилияны қосымша белдесуде 4:3 есебімен жеңді.

Бұдан бөлек, жеке жарыстарда Қазақстанның үш спортшысы чемпион атанды. Ғабит Расулхан 60 келіге дейінгі салмақта, Фатима Супығалиева 52 келіге дейінгі салмақта, ал Әділжан Жаудинов 90 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленді.

Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның дзюдодан кадеттер құрамасын аралас командалық жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтады. Сондай-ақ Ғабит Расулханды, Фатима Супығалиеваны және Әділжан Жаудиновты жеке бәсекелердегі алтын медальдарымен құттықтап, жас чемпиондарға жарқын спорттық болашақ пен жаңа жетістіктер тіледі.

Қазақстандық дзюдошылар Гуаякильдегі әлем чемпионатында жалпы 11 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 4 алтын, 3 күміс және 4 қола жүлде бар.

Осылайша, Қазақстан құрамасы кадеттер арасындағы әлем чемпионатында командалық және жеке жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, ел дзюдосының тарихындағы айтулы жетістіктердің біріне қол жеткізді.



Біздің серіктес: Sport12kz