Матч орталығы
Германия кубогы Футбол Верль Верль 0:3 Аяқталды Гамбург Гамбург Серия А Футбол Болонья Болонья 0:1 Аяқталды Лацио Лацио Ла Лига Футбол Осасуна Осасуна 0:0 Аяқталды Леванте Леванте Уинстон-Сейлем мужчины Теннис Лоренцо Сонего Лоренцо Сонего 23:00 24.08 Вит Коприва Вит Коприва Бірінші лига Футбол Локомотив Локомотив 0:1 Аяқталды Арда Арда Серия А Футбол Рома Рома 4:0 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Германия кубогы Футбол Халлешер Халлешер 2:4 ОТ Шальке Шальке ЮС Опен, женщины Теннис Клер Лю Клер Лю 1:2 Аяқталды Хизер Уотсон Хизер Уотсон Премьер-лига Футбол Фулхэм Фулхэм 2:3 Аяқталды Челси Челси Примейра-лига Футбол Жил Висенте Жил Висенте 2:0 Аяқталды Каза Пия Каза Пия Ла Лига Футбол Малага Малага 1:1 Аяқталды Депортиво Депортиво Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 19:00 Бүгін Қайсар Қайсар ЮС Опен мужчины Теннис Тимофей Скатов Тимофей Скатов 20:00 Бүгін Жиль-Арно Байи Жиль-Арно Байи Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 21:45 Бүгін Хапоэль Хапоэль Лига кубогы Футбол Саутгемптон Саутгемптон 23:45 Бүгін Вест Хэм Вест Хэм Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 00:00 Ертең Бетис Бетис Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 00:00 Ертең НЕК НЕК Лига кубогы Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 00:00 Ертең Лидс Лидс Чемпиондар лигасы Футбол ЛАСК ЛАСК 00:00 Ертең Селтик Селтик

6 сағат бұрын

Әрбір жеңіс үлкен еңбекпен келеді – Фатима Сұлығалиеваның әкесі әрі жеке бапкері

Әрбір жеңіс үлкен еңбекпен келеді – Фатима Сұлығалиеваның әкесі әрі жеке бапкері

Фото: Алтынбек Сұлығалеиевтің жеке мұрағатынан

Эквадордың Гуаякиль қаласында қазақстандық Фатима Сұлығалиева дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Sport12.kz. тілшісі оның әкесі әрі жеке бапкері Алтынбек Сұлығалиевті әңгімеге тартқан еді.

– Фатиманың толағай табысымен құттықтаймыз. Әлем чемпионаты отандасымыз үшін қалай өтті? Қарсыластары арасында қай белдесу қиынға соқты?

– Лебізіңізге рақмет. Әлем чемпионаты қай кезде спортшы үшін оңайға соқпайды. Өйткені, оған дүниежүзінің кіл мықты балуандары жиналады. Бұл үшін спортшы қаншама уақытын жұмсайды. Оқу-жаттығу шарасын тиянақты жүргізеді. Біз де Фатимамен бірге бұл бағытта көптеген дайындыққа көңіл бөлдік. Әрбір уақытты тиімді пайдалануға тырыстық. Алдағы жарысқа әдіс-тәсілді ширата түстік.

Әлем чемпионатында ол 5 белдесу өткізді. Татами төріндегі тайталаста алдымен Люксембург елінен келген қарсыласын қапы қалдырса, одан кейін Мексика, Аустралия, Израиль, Украина балуандарының осал тұсын тапты. Нәтижесінде жеңіс тұғырынан көрініп, қазақ еліне алтын медаль сыйлады.

Қай кездесуінде де Фатима өзіне сенімді ойын көрсетті. Белдесу барысында айқын басымдықпен жеңді. Бұл оның өзіне деген сенімділігін айғақтайды. Сайыс барысында бір сәт босаңсып қалған жағдайда жеңістің қолдан сусып кететіні сөзсіз. Десе де спортшы үшін алдымен сенімділік, шыдамдылық, жауапкершілік керек екені белгілі. Оның бойында осындай қасиеттердің болғаны бізді қуантты.

– Қазірге дейін ол қандай жетістіктерге жетті?

– Фатима бүгінге дейін көптеген жарысқа қатысып үлгерді. Бұл оның тәжірибесінің артуына, шеберлігінің шыңдалуына мол септігін тигізді. 2018 жылдан бері ол түрлі жас деңгейінде еліміздің екі дүркін чемпионы атанса, Еуропа және Азия чемпионатында жеңімпаз тұғырынан көрініп үлгерді. Сол жеңісті жол жалғасып, әлем чемпионатында биік белестен көрінуге негіз қалады.

– Фатима қанша жастан бері дзюдомен айналысады? Спортқа келуіне қандай жағдайлар әсер етті?

– Өзім кезінде спортпен айналыстым. Дзюдодан спорт шебері болдым. Жастар арасында Қазақстан чемпионы атандым. Оған қоса самбо күресінен халықаралық деңгейдегі спорт шебері, әлем кубогының иегері болдым. Үлкен спортпен қол үзгеннен кейін бапкерлік қызметке бет бұрдым.

Фатима – менің қызым, үйдің тұңғышы. Отбасында үш қыз, бір ұлым бар. Қызым бала кезінен дзюдоға қызығушылық білдірді. Оның бойынан осындай қасиеттерді байқап, спортқа келуіне қолдау білдірген едім. Содан бері еңбекқорлығы, жауапкершілігі, шыдамдылығымен көзге түсіп келеді.

– Алда қандай жарыстар күтіп тұр? Оған дайындықты қай кезде басталады?

– Спортшы қай кезде де өзінің бабында болуды қалайды. Сондықтан үнемі дайындық барысын пысықтай түседі. Жаттығу залында жиі көрініп, физикалық дайындығын арттырады. Біз әлем чемпионатынан кейін сәл демалыс жасап, одан кейін алдағы жарыстарға дайындығымызды пысықтаймыз.

Алдағы қараша айында жасөспірімдер арасында Олимпиада ойындары болады. Дүбірлі доданың бағдарламасында дзюдо да бар. Ендігі кезекте соған әзірлікті қолға аламыз. Бұл жарыс та дүниежүзілік деңгейдегі беделді бәсеке екенін жақсы білеміз. Ол ересектер деңгейдегі біріншіліктерге жол ашады. Қашанда спортшы бір жерде тоқтап қалмайды. Ендігі кезекте сол дүбірлі додада жоғары биіктен көрінсек деген жоспарымыз бар.

– Әңгімеңізге рақмет. Фатиманың алдағы мансабына сәттілік тілейміз.



Біздің серіктес: Sport12kz