Матч орталығы
Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 3:1 Аяқталды Вест Бромвич Вест Бромвич Премьер-лига Футбол Ливерпуль Ливерпуль 2:2 Аяқталды Ноттингем Форест Ноттингем Форест Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 0:3 Аяқталды Суонси Суонси Чемпионшип Футбол Вулверхэмптон Вулверхэмптон 4:1 Аяқталды Сток Сток Премьер-Лига Футбол Ұлытау Ұлытау 3:0 Аяқталды Жетісу Жетісу Премьер-Лига Футбол Жеңіс Жеңіс 1:0 Аяқталды Алтай Алтай Бундеслига Футбол Майнц Майнц 0:0 Аяқталды Падерборн Падерборн Бундеслига Футбол Лейпциг Лейпциг 3:0 Аяқталды Боруссия Боруссия Бундеслига Футбол Кельн Кельн 3:2 Аяқталды Хоффенхайм Хоффенхайм Бундеслига Футбол Эльверсберг Эльверсберг 3:2 Аяқталды Байер Байер Бундеслига Футбол Унион Унион 3:3 Аяқталды Айнтрахт Айнтрахт Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 4:1 Аяқталды Бернли Бернли Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 2:1 Аяқталды Портсмут Портсмут Премьер-лига Футбол Ковентри Ковентри 0:1 Аяқталды Халл Халл Премьер-лига Футбол Борнмут Борнмут 1:1 Аяқталды Эвертон Эвертон Чемпионшип Футбол Саутгемптон Саутгемптон 5:1 Аяқталды Миллуолл Миллуолл Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 1:1 Аяқталды Вест Хэм Вест Хэм Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 1:0 Аяқталды Престон Престон Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 0:1 Аяқталды Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 2:2 Аяқталды Шеффилд Шеффилд

2 күн бұрын

Ербол Мырзабосынов жас дзюдошыларды марапаттады

Ербол Мырзабосынов жас дзюдошыларды марапаттады

Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық дзюдошылар мен олардың бапкерлері марапатталды.

Салтанатты шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты.

Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп, жалпы есепте 11 жүлде еншіледі. Бұл – ел дзюдосы үшін әлем чемпионаттарындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Жиында Ербол Мырзабосынов жас спортшыларды жетістігімен құттықтап, олардың нәтижесін жоғары бағалады.

«Бүгінде елімізде дзюдоға ерекше көңіл бөлініп, жас спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Сіздердің әлем чемпионатындағы тарихи нәтижелеріңіз – осы жұмыстың нақты жемісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлем чемпионатында топ жарған жас дзюдошыларды арнайы құттықтауы – сіздер үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Бұл – еңбектеріңізге берілген жоғары баға. Алда бұдан да биік белестер бар. Ел намысын абыроймен қорғап, көк Туымызды талай халықаралық додада көкке көтере берулеріңізге тілектеспін», – деді министр.

Марапаттау рәсімінде спортшылармен бірге олардың бапкерлері де назардан тыс қалмады. Жаттықтырушы-кеңесші Седрик Пол Р. Таймансқа «Дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды.

Мейрлан Баймаханбетов, Талғат Тұрсынов, Сұлтан Өтешов, Бағдат Ерғазы, Алтынбек Сұпығалиев және Алмас Несіпберлинов «Спорт саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.

Ал Дзюдо федерациясының вице-президенттері Серікбол Уразалин мен Ержан Зейндиновке Туризм және спорт министрлігінің Құрмет грамоталары берілді.

Әлем чемпионатынан жүлдемен оралған 15 спортшы министрліктің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың арасында 60 келіге дейінгі салмақта және командалық жарыста алтын алған Расулхан Ғабит, 90 келіден жоғары салмақта жеке және командалық сайыста чемпион атанған Әділжан Жаудинов, сондай-ақ 52 келіде топ жарған Фатима Сұпығалиева бар.

Командалық бәсекедегі жеңіс үшін аға жаттықтырушы Мейрлан Баймаханбетовке арнайы сыйақы табысталды. Ал Саламат Отарбаев, Айбек Садықов және Берік Жетпісбаев министрліктің Құрмет грамотасы мен Дзюдо федерациясының ақшалай сыйлығына ие болды.


Біздің серіктес: Sport12kz