Матч орталығы
Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 3:1 Аяқталды Вест Бромвич Вест Бромвич Премьер-лига Футбол Ливерпуль Ливерпуль 2:2 Аяқталды Ноттингем Форест Ноттингем Форест Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 0:3 Аяқталды Суонси Суонси Чемпионшип Футбол Вулверхэмптон Вулверхэмптон 4:1 Аяқталды Сток Сток Премьер-Лига Футбол Ұлытау Ұлытау 3:0 Аяқталды Жетісу Жетісу Премьер-Лига Футбол Жеңіс Жеңіс 1:0 Аяқталды Алтай Алтай Бундеслига Футбол Майнц Майнц 0:0 Аяқталды Падерборн Падерборн Бундеслига Футбол Лейпциг Лейпциг 3:0 Аяқталды Боруссия Боруссия Бундеслига Футбол Кельн Кельн 3:2 Аяқталды Хоффенхайм Хоффенхайм Бундеслига Футбол Эльверсберг Эльверсберг 3:2 Аяқталды Байер Байер Бундеслига Футбол Унион Унион 3:3 Аяқталды Айнтрахт Айнтрахт Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 4:1 Аяқталды Бернли Бернли Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 2:1 Аяқталды Портсмут Портсмут Премьер-лига Футбол Ковентри Ковентри 0:1 Аяқталды Халл Халл Премьер-лига Футбол Борнмут Борнмут 1:1 Аяқталды Эвертон Эвертон Чемпионшип Футбол Саутгемптон Саутгемптон 5:1 Аяқталды Миллуолл Миллуолл Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 1:1 Аяқталды Вест Хэм Вест Хэм Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 1:0 Аяқталды Престон Престон Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 0:1 Аяқталды Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 2:2 Аяқталды Шеффилд Шеффилд

1 күн бұрын

Қазақстандық екі дзюдошы Лозаннадағы Grand Slam турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық екі дзюдошы Лозаннадағы Grand Slam турнирінің ширек финалына шықты

Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының екі өкілі ширек финалға жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан Шерзод Давлатов 1/8 финалда алаң иесі Давид Гошты жеңді. Қазақстандық дзюдошы келесі белдесуінде Франция өкілі Лука Мхеидзеге қарсы күреседі.

Мхеидзе – Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері.

Ал 66 келіге дейінгі салмақта Ақылжан Жұбатқанов та жарысты сәтті бастады. Ол 1/8 финалда Тәжікстан спортшысы Искандар Махмадходжозададан басым түсті. Ақылдан Жұбатқанов жартылай финалға шығу үшін ресейлік Рамазан Абдуллаевпен белдеседі.

Ал Қазақстан құрамасының тағы үш дзюдошысы турнирдегі жолын аяқтады. Талғат Орынбасар (60 келіге дейін), Нұрқанат Серікбаев (66 келіге дейін) және Дана Әбдірова (57 келіге дейін) айтулы турнирден мерзімінен бұрын шығып қалды.

Лозаннадағы Grand Slam турнирі 28-30 тамыз аралығында өтеді.


Біздің серіктес: Sport12kz