4 сағат бұрын
Дзюдодан Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күніндегі жеңімпаздар анықталды
Орал қаласында дзюдодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
«Jaiyq Arena» спорт кешенінде өтіп жатқан ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 541 спортшы қатысып жатыр.
Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында 48 және 52 келіге дейінгі, ал ерлер арасында 60 және 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде жүлдегерлер анықталды.
Әйелдер
-48 кг
1. Ғалия Тынбаева (Алматы)
2. Иянат Жұбатқан (Ақтөбе облысы)
3. Ұлбосын Абдукаримова (Түркістан облысы)
4. Аяулым Турдике (Маңғыстау облысы)
-52 кг
1. Аружан Ережепова (Алматы облысы)
2. Меруерт Сәрсенова (Маңғыстау облысы)
3. Нұрбала Зайнул (Түркістан облысы)
4. Айшабибі Мурадимова (Батыс Қазақстан облысы)
Ерлер
-60 кг
1. Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы)
2. Мади Серіков (Абай облысы)
3. Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)
4. Дильшод Миртурсын (Шымкент)
-66 кг
1. Ердәулет Бозша (Қызылорда облысы)
2. Нұрсұлтан Зайзағалиев (Батыс Қазақстан облысы)
3. Данияр Қалмағамбетов (Ақтөбе облысы)
4. Есентай Имаханов (Абай облысы)
Қазақстан чемпионаты 1 қыркүйекке дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz