3 сағат бұрын
Абылайхан Жұбаназар «Гранд-Слэм» турнирінде топ жарды
Дзюдодан Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.
81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Абылайхан Жұбаназар финалда Өзбекстан өкілі Арслонбек Тожиевтен басым түсіп, алтын медаль иеленді.
Қазақстандық дзюдошы жарысты 1/16 финалдан бастап, бұл кезеңде Украинаның Владислав Колобовын жеңді. Кейін 1/8 финалда грузиялық Заур Двалашвилиден, ширек финалда ресейлік Егор Сухопаровтан айласын асырды. Жартылай финалда БАӘ өкілі Георгий Елбакиевті ұтты.
Осылайша, Абылайхан Жұбаназар мансабында екінші рет Grand Slam финалына шығып, алғаш рет турнирдің жеңімпазы атанды.
Бұған дейін ол 2023 жылғы Тбилиси Grand Slam жарысында күміс жүлдеге ие болған.
Айта кетейік, 28-30 тамыз аралығында Лозаннада өтіп жатқан Grand Slam турниріне 77 елден 513 спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Sport12kz