15 сағат бұрын
Оралда 550-ге жуық дзюдошы ел чемпионы атағын сарапқа салып жатыр
Оралда ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ел біріншілігіне 20 өңірден 550-ге жуық спортшы жиналды.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Айбек Имашев жарыстың ұлттық құраманы жасақтаудағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, ел чемпионатында жақсы нәтиже көрсеткен дзюдошылар халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады.
«Бұл чемпионатта үздік нәтиже көрсеткен спортшылар ұлттық құраманың алдағы жоспарына енгізіледі. Олар халықаралық додаларда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады. Сондықтан жарыс дзюдошылардың өз деңгейін көрсетуі үшін маңызды», – деді Айбек Имашев.
Қазақстан чемпионаты «Жайық Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылып жатыр. Бас хатшының сөзінше, Орал қаласы бұған дейін де республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу тәжірибесіне ие. Ал бәсеке өтіп жатқан спорт кешені халықаралық талаптарға сәйкес келеді.
Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде төрт салмақта үздіктер анықталды.
Әйелдер, 48 келіге дейін:
1. Ғалия Тынбаева (Алматы)
2. Иянат Жұбатқан (Ақтөбе облысы)
3. Ұлбосын Абдукаримова (Түркістан облысы)
4. Аяулым Турдике (Маңғыстау облысы)
Әйелдер, 52 келіге дейін:
1. Аружан Ережепова (Алматы облысы)
2. Меруерт Сәрсенова (Маңғыстау облысы)
3. Нұрбала Зайнул (Түркістан облысы)
4. Айшабибі Мурадимова (Батыс Қазақстан облысы)
Ерлер, 60 келіге дейін:
1. Нұрдәулет Мейрамбеков (Қызылорда облысы)
2. Мади Серіков (Абай облысы)
3. Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)
4. Дильшод Миртурсын (Шымкент)
Ерлер, 66 келіге дейін:
1. Ердәулет Бозша (Қызылорда облысы)
2. Нұрсұлтан Зайзағалиев (Батыс Қазақстан облысы)
3. Данияр Қалмағамбетов (Ақтөбе облысы)
4. Есентай Имаханов (Абай облысы)
Бүгін татамиге ерлер арасындағы 73 және 81 келіге дейінгі, сондай-ақ әйелдер арасындағы 57, 63 және 70 келіге дейінгі салмақтың өкілдері шығады.
Қазақстан чемпионаты 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Жекелей бәсекелер алғашқы үш күнде өтсе, жарыстың қорытынды күнінде аралас командалар сынға түседі.
Біздің серіктес: Sport12kz