12 сағат бұрын
БҚО жас әлем чемпионына пәтер сыйлады
Оралда дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ел біріншілігінің ашылу салтанатында кадеттер арасындағы әлем чемпионы Фатима Сұпығалиеваға жаңа бір бөлмелі пәтердің кілті табысталды.
Жас спортшыға пәтерді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев сыйға тартты.
Айта кетейік, Фатима Сұпығалиева жуырда Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында 52 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол финалда украиналық Ксения Кирильчуктан басым түсіп, алтын медаль иеленді.
Осылайша ФатимаСұпығалиева Қазақстанның әйелдер дзюдосы тарихында кадеттер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен алғашқы спортшы атанды.
Біздің серіктес: Sport12kz