9 сағат бұрын
Атақты жапон дзюдошысы енді Моңғолия намысын қорғамақ
Жапониялық дзюдошы Косукэ Машияма алдағы уақытта халықаралық жарыстарда Моңғолия намысын қорғайды.
27 жастағы спортшы 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Ол 2021 жылы Бакуде және 2022 жылы Токиода өткен Grand Slam турнирлерінде жеңіске жеткен. Сондай-ақ 2019 жылғы Азия чемпионатында топ жарған.
Қазіргі уақытта Машияма Моңғолияда жаттығып жүр. Ол жақын арада ұлттық құрама сапына қосылады.
Алайда дзюдошы жаңа елдің атынан халықаралық жарыстарға бірден қатыса алмайды. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, Машияманың Моңғолия құрамасы сапындағы алғашқы халықаралық турниріне 2027 жылдың сәуірінен бастап қатыса алады.
Осылайша Моңғолия құрамасы халықаралық аренада тәжірибесі мол жапон дзюдошысымен қатарын күшейтпек.
Біздің серіктес: Sport12kz