Матч орталығы
Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 0:1 Үзіліс Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 2:1 Үзіліс Вулверхэмптон Вулверхэмптон Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 1:1 Үзіліс Болтон Болтон Чемпионшип Футбол Суонси Суонси 2:0 Үзіліс Уотфорд Уотфорд Германия кубогы Футбол ХЕБК Гамбург ХЕБК Гамбург 0:4 Үзіліс Боруссия Боруссия ЮС Опен, женщины Теннис Си Фродин Си Фродин 0:1 2-сет Елена Рыбакина Елена Рыбакина ЮС Опен, женщины Теннис Юлия Путинцева Юлия Путинцева 0:1 2-сет Белинда Бенчич Белинда Бенчич Чемпионшип Футбол Сток Сток 1:0 43 Норвич Норвич Италия кубогы Футбол Торино Торино 0:0 43 Монца Монца Чемпионшип Футбол Бирмингем Бирмингем 0:0 43 Саутгемптон Саутгемптон ЮС Опен мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 20:00 Бүгін Адриан Маннарино Адриан Маннарино Чемпионшип Футбол КПР КПР 23:45 Бүгін Кардифф Кардифф Чемпионшип Футбол Вест Бромвич Вест Бромвич 23:45 Бүгін Чарльтон Чарльтон Германия кубогы Футбол Оснабрюк Оснабрюк 23:45 Бүгін Бавария Бавария Чемпионшип Футбол Бернли Бернли 00:00 Ертең Мидлсбро Мидлсбро Премьер-лига Футбол Фалкирк Фалкирк 00:00 Ертең Рейнджерс Рейнджерс Кубок Уругвая Футбол Ливерпуль Ливерпуль 01:00 Ертең Бостон Ривер Бостон Ривер Премьер-Лига Футбол Аль-Ахли Аль-Ахли 22:00 Ертең Смуха Смуха Конференциялар лигасы Футбол Аталанта Аталанта 22:45 05.11 Қайрат Қайрат

1 күн бұрын

Қазақстандық дзюдошылар Лозаннадағы “Гранд-Слам” турнирін небәрі бір жүлдемен аяқтады

Қазақстандық дзюдошылар Лозаннадағы “Гранд-Слам” турнирін небәрі бір жүлдемен аяқтады

Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы жарысты небәрі бір жүлдемен аяқтады.

Ұлттық құрама сапынан жүлдеге қол жеткізген жалғыз спортшы — Абылайхан Жұбаназар. 81 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық дзюдошы барлық қарсыласын жеңіп, финалға өтті.

Шешуші сында Абылайхан Жұбаназар Өзбекстан өкілі Арслонбек Тожиевпен белдесті. Отандасымыз қарсыласынан басым түсіп, Grand Slam чемпионы атанды.

Қазақстан құрамасының тағы үш спортшысы жүлдеге бір қадам қалғанда сүрінді. 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов қола медаль үшін белдесуде Самариддин Кучкаровтан жеңілді.

66 келіде Ақылжан Жұбатқанов жұбаныш белдесуінде Оңтүстік Корея өкілі Чанён Кимге жол берді. Ал әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта Аида Тойшыбекова жұбаныш кездесуінде Венесуэла спортшысы Карен Леоннан ұтылды.

Қазақстанның қалған дзюдошылары жарыс жолынан ерте шығып қалды. Олар — Дана Әбдірова (57 келі), Талғат Орынбасар (60 келі), Нұрқанат Серікбаев (66 келі), Ажар Асхат (70 келі), Бақытжан Абдурахманов (73 келі), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келі), Аруна Жангелдина (78 келі), Әділет Алмат (81 келі), Айдар Арапов (90 келі), Марат Байқамуров (100 келі) және Ерасыл Қажыбаев (+100 келі).

Осылайша Қазақстан құрамасы Лозаннадағы Grand Slam турнирінде бір ғана жүлдені қанағат тұтты.


Біздің серіктес: Sport12kz