1 күн бұрын
Оралда дзюдо бапкерлеріне арналған семинар басталды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Орал қаласында дзюдо жаттықтырушыларына арналған республикалық семинар өтіп жатыр. Оған Қазақстанның әр өңірінен келген бапкерлер қатысуда, деп хабарлайды Sport12.kz.
Үш күндік бағдарлама теориялық және практикалық бағыттарды қамтиды. Шетелдік мамандар Жан Пьер, Седрик Тайманс және Батраз Кайтмазов қатысушылармен заманауи жаттығу әдістері, спортшыларды дайындау ерекшеліктері және оқу-жаттығу процесін тиімді ұйымдастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісуде.
Мұндай семинарлар отандық жаттықтырушылардың кәсіби деңгейін арттырып, халықаралық тәжірибені қазақстандық дзюдо жүйесіне енгізуге мүмкіндік береді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен, Қазақстан дзюдо федерациясы және Батыс Қазақстан облысының дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен өтуде.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстанда дзюдоның дамуына үлес қосқаны үшін төрешілер мен жаттықтырушыларды Қазақстан дзюдо федерациясының дан сертификатымен марапаттау рәсімі өтті.
Біздің серіктес: Sport12kz