2 күн бұрын
Мағжан Шамшадин бастаған дзюдошылар Венгриядағы Гранд-Слэм турнирінде бақ сынайды
11-13 қыркүйек аралығында Венгрия астанасы Будапештте дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі өтеді.
Жарысқа 70 елден 530 спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан құрамасы Будапешт татамиінде 12 дзюдошымен сынға түседі.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Нұрәділ Әлжан мен Мағжан Шамшадин өнер көрсетеді. 66 келіге дейінгі салмақта Мейірбек Байзақов пен Ақжігіт Насыр татамиге шығады.
73 келіге дейінгі салмақта Есет Қуанов пен Ерсұлтан Дүйсенхан, 81 келіге дейінгі салмақта Досхан Жолжақсынов бақ сынайды. Ал 90 келіге дейінгі салмақта Ермахан Ануарбеков пен Данил Крылов, 100 келіге дейінгі салмақта Асқар Біржанов ел намысын қорғайды.
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Диана Буркеева, 78 келіден жоғары салмақта Ақерке Рамазанова өнер көрсетеді.
Турнир 13 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: Sport12kz