17 сағат бұрын
Ермахан Әнуәрбеков Будапешттегі Grand Slam турнирінен шығып қалды
Қазақстандық дзюдошы Ермахан Әнуәрбеков Венгрия астанасы Будапеште өтіп жатқан Grand Slam турниріндегі жарысын мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған 25 жастағы спортшы алғашқы белдесуінде Беларусь өкілі Егор Воропаевтан жеңілді.
Беларусь дзюдошысы бұған дейін Қытайда өткен Гран-при кезеңінде алтын медаль жеңіп алған еді.
Осы жеңілістен кейін Ермахан Әнуәрбеков турнирдің жүлдесіне таласу мүмкіндігінен айырылды.
Айта кетейік, 2026 жылдың наурыз айында Әнуәрбеков Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, әлем чемпионаттарының жүлдегері Әбиба Әбужақыновамен атастырылғаны туралы ақпараттан кейін БАҚ назарын аударған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz