3 күн бұрын
Қазақстандық дзюдошылардың Бакудегі әлем чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
Қазақстан дзюдо федерациясы Бакуде өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады.
4-11 қазан күндері Әзербайжан астанасында өтетін әлемдік додаға Қазақстаннан 15 дзюдошы қатысады. Құрама сапында 9 ер және 6 әйел спортшы бар. Олар жекелей жарыспен қатар, аралас командалық сайыста да бақ сынайды.
Ерлер:
• 60 кг: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов;
• 66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов;
• 73 кг: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин;
• 81 кг: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар;
• 90 кг: Данил Крылов.
Әйелдер:
• 48 кг: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева;
• 63 кг: Эсмигүл Куюлова;
• 78 кг: Аруна Жангельдина;
• 78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш.
Қазақстандық дзюдошылар Баку татамиінде әлем чемпионатының жекелей және аралас командалық бағдарламасында сынға түседі.
Біздің серіктес: Sport12kz