2 күн бұрын
Өзбекстан құрамасы дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын спортшыларын жариялады
Өзбекстан дзюдо федерациясы Бакуде өтетін әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады.
Әзербайжан астанасында өтетін әлем біріншілігі 4-10 қазан аралығында ұйымдастырылады. Өзбекстан сапынан татамиге 17 дзюдошы шығады.
Ерлер:
60 кг – Бахрам Ботуров
66 кг – Азизбек Ортиков
73 кг – Ельбек Тожиев
81 кг – Муроджон Юлдошев
90 кг – Умар Бозоров, Нурбек Муртозоев
100 кг – Ерназар Сарсенбаев, Тулкинбек Турдиев
+100 кг – Музаффарбек Турабоев
Әйелдер:
48 кг – Улбусин Хакимова
52 кг – Сурдиёна Рафкатова
70 кг – Хуршида Разокбердиева, Ширинжон Юлдошева
78 кг – Барчиной Кодирова, Маржона Кучимова
+78 кг – Умида Нигматова, Иришхон Курбанбаева
Осылайша, Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатында ерлер арасында тоғыз, әйелдер арасында сегіз спортшымен жүлдеге таласады.
Айта кетейік, биылғы әлем чемпионаты Бакуде өтеді. Байрақты бәсекеде әлемнің үздік дзюдошылары татамиге шығады.
Біздің серіктес: Sport12kz