2 күн бұрын
Елдос Сметов Азиада-2026 ойындарын жеңіспен бастады
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Аичи және Нагоя қалаларында (Жапония) өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында дзюдодан жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан Сметов алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея өкілі Харим Лимен кездесті.
Қазақстандық дзюдошы қарсыласын иппонмен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Елдос Сметовтің ширек финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.
Біздің серіктес: Sport12kz