2 күн бұрын
Абиба Абужақынова Азиадада финалға шықты
Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Аичи және Нагоя қалаларында (Жапония) өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Абужақынова жартылай финалда Қытай Тайбэйінің өкілі Линь Чэньхаомен кездесті.
Белдесу барысында қазақстандық дзюдошы «юко» бағасын алып, жеңіске жетті.
Осылайша, Абиба Абужақынова Азиада-2026 ойындарының финалына жолдама алды. Енді ол алтын медаль үшін Жапония өкілі Мицуки Кондомен кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz