2 күн бұрын
Моңғолия намысын қорғаған этникалық қазақ дзюдодан Азия ойындарында чемпион атанды
Моңғолия құрамасы сапында өнер көрсеткен этникалық қазақ Ёлка Кәдірбекұлы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан алтын медаль иеленді.
66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ёлка Кәдірбекұлы жарыстың жартылай финалында Париж Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық Ғұсман Қырғызбаевтан басым түскен еді.
Осылайша, Ёлка Кәдірбекұлы Моңғолияға дзюдодан Азиададағы алғашқы алтын медальді сыйлады.
Айта кетейік, Ёлка Кәдірбекұлы 2025 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған.
Біздің серіктес: Sport12kz