1 күн бұрын
Қазақстандық екі дзюдошы Азиада-2026 ойындарында ширек финалға шықты
Қазақстандық дзюдошылар Әділет Алмат пен Ажар Асхат Аичи және Нагоя қалаларында (Жапония) өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әділет Алмат 1/8 финалда Қырғызстан өкілі Тегин Алмазжан уулумен кездесіп, иппон әдісімен жеңіске жетті.
Ал Ажар Асхат 70 келіге дейінгі салмақта Таиланд спортшысы Супаттра Наногты жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Осылайша, қазақстандық екі дзюдошы да Азиада-2026 ойындарының ширек финалында өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: Sport12kz