1 күн бұрын
Азиада-2026: Әділет Алмат жартылай финалға шықты
Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат Аичи және Нагоя қалаларында (Жапония) өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz .
81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әділет Алмат ширек финалда Моңғолия өкілі Оюунчимэг Шинэбаярмен кездесіп, жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық дзюдошы Азиада-2026 ойындарының финалына шығу үшін Тәжікстан өкілі Абубакр Шеровпен белдеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz