3 күн бұрын
Зейнеп Баянова Азиаданың қола жүлдесін иеленді
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық балуандар жүлде үшін күресін жалғастырып жатыр.
50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Зейнеп Баянова үшінші орын үшін болған белдесуде Үндістан өкілі Дипаншиді таза жеңіп, Азиада қола жүлдесіне ие болды.
23 жастағы балуан жарысты Моңғолия өкілі Мунхар Биамбасуренді 8:4, Оңтүстік Кореялық Миран Чеонды 7:3 есебімен жеңуден бастады. Жартылай финалда ол Жапонияның атақты балуаны Юи Сусакиден 0:4 есебімен ұтылды.
Осылайша, Зейнеп Баянова Аичи–Нагоя Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Біздің серіктес: Sport12kz