2 күн бұрын
Қазақстан дзюдодан Азиада-2026 ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Қазақстанның дзюдо құрамасы Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында аралас командалық жарыстың финалында Жапонияға есе жіберіп, күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алтын медаль үшін болған финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы жарыс қожайындары Жапониядан 0:4 есебімен жеңілді.
Қазақстан сапында Айдар Арапов (90 келі), Ғұсман Қырғызбаев (73 келі), Меруерт Сәрсенова (57 келі), Марат Байкамуров (+90 келі), Ажар Асхат (70 келі) және Аида Тойшыбекова (+70 келі) өнер көрсетті.
Қазақстандық дзюдошылар бұған дейін ширек финалда Қырғызстанды 4:2 есебімен жеңсе, жартылай финалда Оңтүстік Кореядан 4:3 есебімен басым түскен еді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарының аралас командалық жарысында күміс медальға қол жеткізді.
Біздің серіктес: Sport12kz