11 сағат бұрын
Шерзод Давлатов әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қазақстан өкілі Шерзод Давлатов ширек финалда Франция спортшысы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ромен Валадье-Пикардан басым түсті.
Осылайша, Давлатов әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Енді қазақстандық дзюдошы финалға шығу үшін Жапония өкілі, әлем чемпионы және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Рюдзу Нагаямамен белдеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz