11 сағат бұрын
Шерзод Давлатов Жапонияның азулы дзюдошысын жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жарыстың алғашқы айналымында Бурунди өкілі Рауль Брийан Нганжиден басым түсті.
Кейін Давлатов ширек финалда Францияның әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ромен Валадье-Пикарды жеңді.
Ал жартылай финалда қазақстандық дзюдошы әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Рюдзу Нагаямамен белдесті. Давлатов жапониялық қарсыласынан басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды.
Енді Шерзод Давлатов әлем чемпионатының алтын медалі үшін белдеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz