7 сағат бұрын
Шерзод Давлатов әлем чемпионатында күміс медаль иеленді
Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
-60 кг салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалға дейін бес белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Алтын жүлде үшін өткен кездесуде Давлатов жарыс қожайыны Ахмед Юсифовпен белдесті. Нәтижесінде Әзербайжан спортшысы жеңіске жетіп, қазақстандық дзюдошы екінші орынға тұрақтады.
Шерзод Давлатовтың финалға дейінгі белдесулері:
- 1/32 финал – Лойк Кудбудинов (Тәжікстан);
- 1/16 финал – Рауль Брийан Нганджи (Бурунди);
- 1/8 финал – Микел Аугусто (Бразилия), Панамерика ойындарының чемпионы;
- ширек финал – Ромен Валадье-Пикар (Франция), әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
- жартылай финал – Рюдзу Нагаяма (Жапония), әлем чемпионы және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.
Осылайша, Шерзод Давлатов әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.
Бакудегі әлем чемпионаты 12 қазанға дейін жалғасады. Биылғы бәсекеге 93 елден 622 дзюдошы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Sport12kz