Матч орталығы
Челленджер Унин 3 Теннис Бейбіт Жұқаев Бейбіт Жұқаев 0:2 Аяқталды Ярослав Демин Ярослав Демин Шанхай мужчины Теннис Тимофей Скатов Тимофей Скатов 2:0 Аяқталды Стефанос Сакелларидис Стефанос Сакелларидис Шанхай мужчины Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 0:2 Аяқталды Есихито Нисиока Есихито Нисиока Пекин мужчины Теннис Новак Джокович Новак Джокович 1:0 2-сет Даниил Медведев Даниил Медведев Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Уганда Уганда 0:0 11 Конго ДР Конго ДР УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Кипр Кипр 21:00 Бүгін Латвия Латвия КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 21:30 Бүгін Локомотив Локомотив УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Черногория Черногория 23:45 Бүгін Армения Армения Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Лихтенштейн Лихтенштейн 23:45 Бүгін Гибралтар Гибралтар УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Италия Италия 23:45 Бүгін Түркия Түркия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Румыния Румыния 23:45 Бүгін Швеция Швеция УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Босния және Герцеговина Босния және Герцеговина 23:45 Бүгін Польша Польша УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Солтүстік Ирландия Солтүстік Ирландия 23:45 Бүгін Грузия Грузия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Франция Франция 23:45 Бүгін Бельгия Бельгия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Украина Украина 23:45 Бүгін Венгрия Венгрия Сучжоу женщины Теннис Юлия Путинцева Юлия Путинцева 07:00 Ертең Юшань Шао Юшань Шао Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея 16:00 Ертең Өзбекстан Өзбекстан Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Үндістан Үндістан 19:00 Ертең Уругвай Уругвай Еуропа чемпионаты U21, іріктеу Футбол Молдова U21 Молдова U21 19:00 Ертең Қазақстан U21 Қазақстан U21 УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Қазақстан Қазақстан 19:00 Ертең Фарерские аралдары Фарерские аралдары

8 сағат бұрын

Елдос Сметов Қазақстан құрамасындағы бәсекелестік туралы айтты

Елдос Сметов Қазақстан құрамасындағы бәсекелестік туралы айтты

Қазақстанның ең титулды дзюдошысы Елдос Сметов Азиада-2026 ойындарындағы өнері және Олимпиада-2028 құрамына ену жолындағы бәсекелестік туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жапонияда өткен Азиада-2026 ойындарында 34 жастағы Елдос Сметов Қазақстан құрамасының ашылу салтанатында ту ұстаушысы атанып, күміс медаль жеңіп алды.

«Әрине, Азиадада алтын алуды жоспарладым. Алайда бұл мақсатқа жете алмадым. Дегенмен, тұғырға көтеріліп, еліміздің туын алып шықтым. Үйге жүлдесіз қайтқан жоқпын. Бұл Азиада мен үшін аса жауапты жарыс болды», — деді Сметов.

Азиада-2026 финалында қазақстандық дзюдошы жапониялық Хаято Кондоға жол берді.

«Әр белдесу мен үшін өзінше қиын болды. Біз аздаған қателіктер жібердік, жаттығуда кей тұстарды толық пысықтамадық. Финалда техникалық және тактикалық кемшіліктермен қатар, жолым да болмады. Ал қарсылас өз елінде, өз татамиінде белдесті. Енді бапкерлермен бірге жарыс қорытындысын жан-жақты талдап, кеткен қателіктерді қарастырамыз», — деді ол.

Сметов елге қайтып келе жатқан кезде оның салмағында өнер көрсететін 24 жастағы Шерзод Давлатовтың әлем чемпионатында күміс медаль алғанын білді. Қазақстандық спортшы 60 келіге дейінгі салмақта бес қарсыласын жеңіп, олардың қатарында әлем чемпионы әрі Париж Олимпиадасының қола жүлдегері жапониялық Рюдзю Нагаяманы да қапы қалдырды.

Осыдан кейін Қазақстан құрамасындағы Олимпиада-2028 жолдамасы үшін бәсекелестік күшейе түсті. Олимпиадада бір елден бір салмақта тек бір спортшы ғана өнер көрсете алады.

«Шерзодтың әлем чемпионатында күміс алғанын ұшақта білдім. Бұл үлкен жетістік. Оны және өзімізді осы жүлдемен құттықтаймын. Ал Олимпиададағы орын маған кепілденген жоқ. Егер құрамадан біреу менен мықты болса, Олимпиадаға сол барады. Бұған реніш болмауы керек. Спортта кім мықты болса, сол жарысқа қатысуы тиіс», — деді Елдос Сметов.

Дзюдошының қазіргі басты мақсаты — 2027 жылы Астанада өтетін әлем чемпионаты. Бұл жарыста Олимпиададан айырмашылығы, бір салмақта бір елден екі спортшыға қатысуға мүмкіндік бар.

«Қазір басты мақсат — өз елімізде өтетін әлем чемпионаты. Үйде алтын алуға тиіспіз. Одан кейін Олимпиада бар. Бірақ оған дейін іріктеу болады. Құрамаға ену үшін көп еңбек ету керек. Менің орным алдын ала кепілденбеген, бәріміз тең жағдайда күресеміз», — деді ол.

Сметов әзірге спорттық мансабын аяқтауды жоспарламайтынын да атап өтті.

«Мен спортты жақсы көремін. Мотивациям өте жоғары», — деп түйіндеді ол.



Біздің серіктес: Sport12kz