1 сағат бұрын
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші күнін жүлдесіз аяқтады
Қазақстандық дзюдошылар Нұрқанат Серікбаев пен Ақылжан Жұбатқанов Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күінінде жүлдеге іліне алмады.
66 келіге дейінгі салмақтағы Нұрқанат Серікбаев алғашқы белдесуінде алжирлік Каис Мудетерді жеңді. Алайда 1/16 финалда 2025 жылғы әлем чемпионы, жапониялық Такэси Такэокаға есе жіберді.
Ал Ақылдан Жұбатқанов алғашқы айналымда Сальвадор өкілі Диего Каликсті ұтты. Кейін 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нурали Эмомалимен белдесіп, иппон әдісімен жеңілді.
Осылайша, Қазақстанның 66 келідегі екі дзюдошысы да жарысты аяқтады.
Әлем чемпионаты Бакуде 4-10 қазан аралығында өтеді. Финалдық белдесулер Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz