2 күн бұрын

Қазақстандық дзюдошы ӘЧ-да алғашқы белдесуінде сүрінді

Қазақстандық дзюдошы ӘЧ-да алғашқы белдесуінде сүрінді

Қазақстандық дзюдошы Аңсарбек Ғайнуллин Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/32 финалында Ғайнуллин француз Дайян Булемтафеспен кездесіп, үш рет «шидо» ескертуін алғаннан кейін дисквалификацияланды.

Осылайша, қазақстандық спортшы жарысты ерте кезеңде аяқтап, медаль үшін таласу мүмкіндігінен айырылды.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) рейтингінде Аңсарбек Ғайнуллин 54-орында болса, оның қарсыласы Дайян Булемтафес 22-сатыда тұр.

Айта кетейік, Бакудегі дзюдодан әлем чемпионаты 4 қазанда басталып, 10 қазанға дейін жалғасады. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар. 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов күміс жүлдегер атанды.



Біздің серіктес: Sport12kz