2 күн бұрын
Елдос Сметов Абу-Дабидегі Гранд-Слэм турниріне қатысады
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 29–31 қазан аралығында Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады.
Қазақстан құрамасы сапында жеті дзюдошы татамиге шығады. 60 келіге дейінгі салмақта Сметов пен Талғат Орынбасар, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев пен Ақылжан Жұбатқанов белдеседі.
Сондай-ақ 81 келіде Жалғас Қайролла, 90 келіде Айдар Арапов және 100 келіде Марат Байқамұров сынға түседі.
Айта кетейң, Елдос Сметов Азиадада күміс жүлде еншілеген еді. Абу-Дабидегі жарыс оның әлемдік рейтингтегі көрсеткішіне әсер ететін турнирлердің бірі болмақ.
Біздің серіктес: Sport12kz