2 күн бұрын

Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының үшінші күнінде жүлдесіз қалды

Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының үшінші күнінде жүлдесіз қалды

Бакуде (Әзербайжан) дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың үшінші күнінде Қазақстан атынан 73 келіге дейінгі салмақта Аңсарбек Ғайнуллин татамиге шықты. Ол Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, француз Дайян Булемтафестен жеңілді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге бір ғана жүлде бар. 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов күміс медаль иеленді.



Біздің серіктес: Sport12kz