1 күн бұрын
Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатын сәтті бастады
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы қарсыласынан басым түсті.
81 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Жұбаназар 1/16 финалда Австралия өкілі Кэйсин Отигені жеңді. IJF рейтингінде 8-сатыда тұрған қазақстандық спортшы белдесуді 2:0 есебімен аяқтап, екі рет «юко» бағасын алды.
Енді Абылайхан Жұбаназар келесі кезеңде жарыс қожайыны — Әзербайжан дзюдошысы Вусал Галандарзадемен күш сынасады.
Айта кетейік, Жұбаназар 2023 жылғы Азия ойындары мен 2026 жылғы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған. Биыл қазақстандық спортшы Лозаннада өткен Grand Slam жарысында топ жарды.
Біздің серіктес: Sport12kz