1 күн бұрын

Жалғас Қайролла әлем чемпионатынан шығып қалды

Жалғас Қайролла әлем чемпионатынан шығып қалды

Бакуде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында 81 келіге дейінгі салмақта белдескен Жалғас Қайролла жарыс жолын аяқтады.

Қазақстандық дзюдошы 1/8 финалда Сербия өкілі Михайло Симиннен жеңіліп қалды.

Осы салмақта Қазақстан атынан тағы бір спортшы — Абылайхан Жұбаназар өнер көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге бір жүлде бар. 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов күміс медаль жеңіп алды.



Біздің серіктес: Sport12kz