1 күн бұрын

Абылайхан Олимпиада жүлдегерін жеңіп, жартылай финалға шықты

Абылайхан Олимпиада жүлдегерін жеңіп, жартылай финалға шықты

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

81 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын 26 жастағы спортшы 1/32 финалда аустралиялық Кейшин Очыны жеңді. Кейін алаң иесі Вусал Галандарзадені golden score-да ұтты.

Ширек финалда Жұбаназар Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ли Джон Ванды жеңді. Қазақстандық спортшы негізгі уақытта «юко» алып, кездесудің соңына дейін басымдығын сақтады.

Енді Жұбаназар финал жолдамасы үшін Әзербайжан өкілі Зелим Цкаевпен белдеседі.

Айта кетейік, Абылайхан Жұбаназар биыл Лозаннадағы Grand Slam турнирінде алғаш рет чемпион атанған.



Біздің серіктес: Sport12kz