1 күн бұрын

Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль үшін белдесетін болды.

81 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жеткен отандасымыз жарыстың осы кезеңінде Әзербайжан өкілі Зелим Цкаевпен кездесті. Белдесу қорытындысы бойынша жеңіс алаң иесіне бұйырып, ол финалға жолдама алды.

Енді қазақстандық дзюдошы қола медаль үшін тағы бір Әзербайжан өкілі Омар Раджаблимен күш сынасады.

Шешуші бәсекелер бүгін Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.



Біздің серіктес: Sport12kz