23 сағат бұрын
Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін белдесуде есе жіберді
Бакуде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақта небәрі бесінші орынды қанағат тұтты.
Ол қола жүлде үшін тартыста Әзербайжан спортшысы Омар Раджаблиге жол берді.
Қазақстандық спортшы жарысты екінші айналымнан бастап, жартылай финалға дейін жетті. Отандасымыз бәсеке барысында Австралия өкілі Кейшин Очиді, Әзербайжан дзюдошысы Вусал Галандарзадені жеңді. Абылайхан жартылпй финалды Оңтүстік Корея спортшысы Джун Хван Лиден айласын асырды. Джун Хван Ли Париж Олимпиадасының қола жүлдегері әрі Азияның екі дүркін чемпионы.
Қазіргі таңда әлем чемпионатында бір ғана жүлде ел қоржынына түсті. Оны жарыстың алғашқы күнінде 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов салды.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 12 қазанға дейін жалғасады. Биылғы додаға 93 елден 622 дзюдошы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Sport12kz