5 сағат бұрын
Қазақстандық дзюдошы басшылық қызметке тағайындалды
Қазақстандық дзюдошы әрі жаттықтырушы Азамат Мұқанов Жетісу облысы Кербұлақ аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.
Азамат Мұқанов спорттық мансабында дзюдо мен самбодан жүлдеге іліккен. Ол 2013 жылы Рио-де-Жанейрода өткен әлем чемпионатында 66 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.
Мұқанов самбодан 2010 жылы әлем чемпионы атанған. Сонымен қатар Қазақстан чемпионатында топ жарып, Еуропа кубогында жеңімпаз болған.
Бұған дейін ол Қазақстан ұлттық құрамаларында нұсқаушы-спортшы, жастар құрамасының аға жаттықтырушысы, жаттықтырушы және спорт мектебі директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Біздің серіктес: Sport12kz