1 күн бұрын
Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатын жалғыз жүлдемен аяқтады
Фото: Қазақстан ҰОК
Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан дзюдодан ересектер арасында әлем чемпионатын қазақстандық балуандар жекеле сында жалғыз жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жекелей сында соңғы жарыс күні, 10 қазанда Ақерке Рамазанова мен Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) әлем чемпионатындағы жолдарын алғашқы айналымнан аяқтады.
Айта кетсек, әлем чемпионатында қазақстандық Шерзод Давлатов (60 келі) күміс жүлдегер атанды.
Қазақстан дзюдо федерациясы жариялаған тізімде ерлер құрамасы сапында 60 келіде Аман Бақытжан мен Шерзод Давлатов, 66 келіде Нұрқанат Серікбаев пен Асылжан Жұбатқанов, 73 келіде Есет Қуанов пен Аңсарбек Ғайнуллин, 81 келіде Жалғас Қайролла мен Абылайхан Жұбаназар, 90 келіде Данил Крылов татамиге шығады.
Ал әйелдерде 48 келіде Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева, 63 келіде Эсмигүл Куюлова, 78 келіде Аруна Жангелдина, 78 келіден жоғары салмақта Ақерке Рамазанова мен Камила Берліқаш ел намысын қорғайды.
Отандастарымыз жекелей және аралас командалық сайыста сынға түседі.
Біздің серіктес: Sport12kz