12 сағат бұрын
Бүгін дзюдодан әлем чемпионатында аралас командалық жарыс өтеді
Фото: Сали Сабиров
Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында 11 қазанда ерлер мен әйелдер арасында аралас командалық жарыс өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дүбірлі додада еліміздің атынан 15 балуан бақ сынауға мүмкіндік алды. Олардың арасынан қазақстандық Шерзод Давлатов (60 келі) күміс жүлдегер атанды.
Қазақстан дзюдо федерациясы жариялаған тізімде ерлер құрамасы сапында 60 келіде Аман Бақытжан мен Шерзод Давлатов, 66 келіде Нұрқанат Серікбаев пен Асылжан Жұбатқанов, 73 келіде Есет Қуанов пен Аңсарбек Ғайнуллин, 81 келіде Жалғас Қайролла мен Абылайхан Жұбаназар, 90 келіде Данил Крылов татамиге шығады.
Ал әйелдерде 48 келіде Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева, 63 келіде Эсмигүл Куюлова, 78 келіде Аруна Жангелдина, 78 келіден жоғары салмақта Ақерке Рамазанова мен Камила Берліқаш ел намысын қорғайды.
Отандастарымыз жекелей және аралас командалық сайыста сынға түседі.
Біздің серіктес: Sport12kz