1 күн бұрын
Қазақстандық дзюдошы IJF рейтингінде үздік ондыққа енді
Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған әлемдік рейтингінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Давлатов рейтингте бірден 15 сатыға көтеріліп, 3263 ұпаймен тоғызыншы орынға жайғасты. Бұл салмақта көш бастап тұрған әзербайжандық Ахмед Юсифовтың еншісінде 5180 ұпай бар. Екінші орында оның отандасы Балабей Агаев (4823 ұпай) тұр. Үздік үштікті 4823 ұпай жинаған ресейлік Аюб Блиев түйіндейді.
Аталған салмақта Қазақстанның тағы бір танымал дзюдошысы, 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Елдос Сметов те өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта ол 252 ұпаймен 115-орында тұр.
Айта кетейік, Шерзод Давлатов Бакуде өткен дзюдодан 2026 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Осылайша, ол Қазақстан құрамасының қоржынына жарыстағы жалғыз жүлдені салды.
Біздің серіктес: Sport12kz