5 сағат бұрын
Қазақстандық 17 дзюдошы Загребтегі Гран-при турниріне қатысады
13–15 қараша күндері Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан Гран-при санатындағы халықаралық турнир өтеді. Қазақстан жарысқа 17 спортшыдан жасақталған құрамын апарады.
Ұлттық құрама сапында 8 ер және 9 әйел дзюдошы бар. Олардың арасында тәжірибелі балуандар мен халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар да бар.
Ерлер құрамасы:
- 60 келі: Аман Бақытжан, Нұрадыл Алжан;
- 66 келі: Нұрқанат Серікбаев;
- 73 келі: Бақытжан Абдурахманов;
- 90 келі: Ермахан Ануарбеков, Нұржан Бисенов;
- +100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы.
Әйелдер құрамасы:
- 48 келі: Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева;
- 52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова;
- 57 келі: Дана Әбдірова;
- 63 келі: Эсмигүл Құйылова;
- 70 келі: Ажар Асхат;
- 78 келі: Екатерина Токарева;
- +78 келі: Аида Тойшыбекова.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы былтыр Загребте өткен бұл турнирге қатысқан жоқ. Биыл отандық дзюдошылар халықаралық рейтингтік жарыста бақ сынап, жүлделі орындар үшін күреседі.
Біздің серіктес: Sport12kz