6 сағат бұрын
Ақтауда дзюдодан Азия ашық кубогы өтеді
Фото: Қазақстан ҰОК
17-18 қазанда Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирде 7 елдің 200 спортшысы бақ сынайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
IJF ресми күнтізбесіне енген додаға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Черногория, Ресей және Өзбекстан дзюдошылары қатысады.
Жүлдегерлерге әлемдік рейтинг ұпайлары беріледі: алтын- 100, күміс - 70, қола - 50.
17 қазан
Ерлер: −60, −66, −73 кг.
Әйелдер: −48, −52, −57, −63 кг.
10:00 — іріктеу кезеңі
16:20 — ресми ашылу салтанаты
17:00 — финалдық белдесулер
18 қазан
Ерлер: −81, −90, −100, +100 кг.
Әйелдер: −70, −78, +78 кг.
11:00 — іріктеу кезеңі
17:00 — финалдық белдесулер.
Еске салсақ, Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Хорватияның Загреб қаласында өтетін Гран-при турниріне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады. Қазақстан жарысқа 17 спортшысын қосады.
Біздің серіктес: Sport12kz