Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

02.03.2025

Асу Алмабаев UFC-де алғаш рет жеңілді

Асу Алмабаев UFC-де алғаш рет жеңілді

Фото: UFC.com

Қазақстандық Асу Алмабаев (21-2-0) аралас жекпе-жек өнерінен UFC-де алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты. Ол португалиялық файтер Манель Капеге есе жіберді (20-7-0).

Қарсыластар АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFCVegas 103 кешінің бас турнирінде шеберлік байқасты. Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған еді. Сол сәтте португалиялық файтер Асуға ауыр соққы жұмсады. Оған төтеп бере алмаған қазақстандық спортшы есеңгіреп қалды. Оның жағдайын көрген төрешілер жеңісті қарсыласына берді. 

Асу Алмабаев 1994 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Аралас жекпе-жек жауынгері UFC демеушілігімен аса жеңіл салмақ дәрежесінде ойын көрсетеді. М-1 аса жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы. Сондай-ақ Absolute Championship Akhmat, AMC Fight Nights Global, BRAVE Combat Federation, M-1 Global және т.б. жауынгерлік ұйымдардың турнирлеріне қатысуымен танымал.

Ол жастайынан қазақ күресімен айналысқан. Асу бесінші сыныпта оқып жүргенде, оның отбасы Алматы қаласына көшіп келді. Сол жерде Асу бокс, каратэ, қоян-қолтық ұрыс және джиу-джитсумен айналыса бастады. Көптеген жаттығулардың арқасында ол өзінің қолынан ережесіз ұрыс (ММА) жақсы келетінін түсінді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан